USD
USD
USD

Елордада төрт бала балабақшадан қашып кеткен

Елордалық білім басқармасы балабақшадағы балалардың құрылыс алаңына қашып кеткені үшін тәрбиеші мен меңгерушіні жауапқа тартты

Елордада төрт бала балабақшадан қашып кеткен
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желіде №73 «Аяулым» бөбекжай-балабақшасы" МКҚК жанындағы құрылыс алаңында 4 бала жүргені туралы бейнематериал тарады. Аталған факті бойынша білім басқармасы №73 «Аяулым» балабақшасына барып қызметтік тексеру жүргізді», – деп жауап берді қалалық білім басқармасы.

Тексеру барысында балабақша меңгерушісі Х. Д.Тайбөкеновамен әңгіме жүргізіліп, түсіндірме жазба алынған.

Төрт баланың серуен кезінде балабақша аумағынан қашып кеткені анықталды.

Балалар қоршаудағы кішкене тесік арқылы шығып кеткен. Аз уақытта балалар кері қайтарылған.

«Қазіргі уақытта балалар бақшада, олардың жағдайы бірқалыпты. Балабақшаның медицина қызметкері тексеру жүргізді. Бүлдіршіндердің денесінен ешқандай жарақат табылған жоқ. Өз лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарау фактісі бойынша тәрбиеші мен шаруашылық бөлімінің меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Балабақша меңгерушісіне қатысты білім басқармасының тәртіптік комиссиясының отырысында қарау үшін материал дайындалды», – дейді білім басқармасы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы