USD
USD
USD

Елордада балабақша жеткілікті ме?

Елордада 94 мемлекеттік балабақша, 237 жеке балабақша бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты. 

Елордада балабақша жеткілікті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 98,4% қамтамасыз етіп отырмыз. Елордада 94 мемлекеттік балабақша, 237 жеке меншік балабақша бар. Бұрын жеке балабақшалар болған жоқ, қазір бұл бизнеске деген жақсы мүмкіндік. Кәсіпкерлер жақсы жұмыс атқаруда», – дейді Алтай Көлгінов. Ол мемлекет тарапынан әр балаға 28 мың теңге субсидия берілетінін айтты. «Бұл мемлекет үшін де, кәсіпкерлер үшін де, ата-ана үшін де пайдалы. Егер осы 237 жеке балабақшаны мемлекет салатын болса бюджеттен 96 млрд теңге қажет болар еді. Біз ол қаражатты үнемдеп, жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен салды. Оларға қазір 6,5 млрд. теңге субсидия береміз. Осылайша мемлекет он есе қаржы үнемдеп отыр», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы