USD
USD
USD

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Елордада оқушы қызға тиіскен күдікті ұсталды.

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 19 мамыры күні сағат 20:12-де «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы шағым түсті. Осыдан кейін полиция аталған адамды ұстау бойынша шұғыл шара қабылдады. Іздестіру жұмыстары барысында ол ұсталып, қамауға алынды», - делінген таратылған хабарламада.

Полиция мәліметіне қарағанда, күдікке ілінген аталған 33 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

«Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды», - деп аталып өткен

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда тұрғыны автобуста белгісіз ер адамның 12 жастағы қызына тиіскеніне шағымданды.

Қала тұрғыны Instagram парақшасында күдіктінің суретін де, видеосын да жариялады

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді

Қазақстанда 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелері ұсталды

Есірткі қылмысы

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты