USD
USD
USD

Елордада автобус трактормен соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусы трактормен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі.

Елордада автобус трактормен соқтығысып,  бірнеше адам зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.   «Бүгін шамамен сағат 13:35-те елорданың Тәшенов көшесі мен Республика даңғылында №2 бағдарлы автобустың жүргізушісі қозғалыс қашықтығын бұзып, арнайы техниканың (трактор) артқы жағына соғылды», - делінген хабарламада.

Жол-көлік апаты салдарынан автобустың үш жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Компаниядан оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері қажетті материалдар жинағанын, олардың арнайы тергеу бөліміне жолданатынын атап өтті.

«Автобус жүргізушісі бұрын жол қозғалысы ережелерін бұзған жоқ. Жолаушылар көлігін жүргізу өтілі 12 жылды құрап отыр», - деп атап өтті компаниядан.

 

Қазір оқып жатыр

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов