USD
USD
USD

Елордада анасы жекеменшік балабақшаға бір айға тастап кеткен бала көз жұмды

Аталған қайғылы оқиға 2022 жылы сәуір айында орын алды. Ал 6 тамызда сот әйелдің екінші қызына қатысты ата-ана құқығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада анасы жекеменшік балабақшаға бір айға тастап кеткен бала көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Cұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Нұр-Cұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-нің К-ға қарсы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Мемлекеттік мекеме әйелді үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айырып, одан алимент өндіруді талап етті.

Талап жауапқа тартылушының кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген үйдегі жекеменшік балабақшаға тәулік бойына беруіне негізделген. Балабақша үшін әйел ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт төбесін көрсетпеген. Ал үлкен қызы бұл кезде әжесінің қолында болған. 

2022 жылдың сәуірінде үйдегі жекеменшік балабақшада болған кіші қызы көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды. Баланың денесінде көптеген жарақат анықталды. 

- Сот шешімімен К-ның үлкен қызына қатысты ата-ана құқығына шектеу қойылды, болашақ тағдырын анықтау үшін бала "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-ға берілді. Анадан алимент өндіріп алынды, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Қазір оқып жатыр

Францияда Temu және басқа маркетплейстердегі тауарларға қосымша салық енгізілді

Temu

Қазақстан экономикасы тек мұнайға тәуелді емес: шетелдік сарапшылар инвестиция көлемі мен өнеркәсіптің өскенін атап өтті

Бизнес

«7 айда жауап алуға екі-ақ рет шақырды»: Алматыда журналист Гүлнар Бажкенованың соты басталды

Гүлнар Бажкенова

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан