Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордада алдағы бес жылда 50 мектеп салынады

Биыл елордада 12 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Оның жартысы пайдалануға берілді.

Елордада алдағы бес жылда 50 мектеп салынады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ брифингінде айтты.

«Алдағы уақытта да жыл сайын кемінде 10-12 немесе одан да көп мектеп салып отыруымыз керек. Сонымен бірге біз тек бюджетке қарап отырған жоқпыз, жеке инвесторлардың да мектеп салуына ықпал жасап жатырмыз. Оқушылардың саны осыдан 10 жыл бұрын 74 мың болса, қазіргі таңда 193 мыңға жетті. Егер динамика тап осылай жалғаса берсе, алдағы уақытта екі есе еселенуі мүмкін. Яғни оқушылар саны 400 мыңға жетуі мүмкін», - деді.

Айтуынша, өткен жылы 22 мектепте балалардың саны нормадан тыс көбейген, 8 мектеп үш ауысымда ресми тіркелген. Биыл олардың саны екі есеге азайды. Қазіргі уақытта елордада үш ауысымды 4 мектеп бар.

Қазір оқып жатыр

«Алға, Қазақ елі!»: Дастан Сәтпаев алдағы маусымды «Бернли» сапында өткізеді

.

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық