USD
USD
USD

Елордада алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

Астанада тұрғындарға жеке кәсіпті дамыту мақсатында "Даму" қорынан төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беруге уәде беріп, қаражатын иемденді деген күдікті ұсталды

Елордада алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті Instagram парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. Ведомство ақпараты бойынша, 43 жастағы қарағандылық "керек" адамдардың көмегімен астаналық кәсіпкерлерге "Даму" қоры бағдарламасы бойынша төмен пайызбен несие алып беруге уәде еткен. Ол "клиенттерін" таныстарының арасынан тапқан. Жәбірленушілер бизнесті дамыту мақсатында бірнеше миллион алуға үміттеніп, алаяққа қызметі үшін ақы төлеген. Осылайша астаналық әйел полицияға шағымданып, күдіктіге 130 мың теңге бергенін хабарлаған. Басқа жағдайда алаяқ 100 мың теңгені иемденіп, осы сынды тағы бір адамды алдағаны анықталған. Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданының полиция басқармасына төрт азамат өтініш білдірген, бірақ зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Алаяқтық жасады деп күдікке ілінген адам өз әрекетін мойындады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оның елорда аумағында өзге де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылады.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай