USD
USD
USD

Елордада 752 оқушыдан коронавирус анықталды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада 752 оқушыдан коронавирус анықталды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «2020 жылдың 1 ақпанындағы деректерге сәйкес, мектеп оқушылары арасында 752 коронавирус жағдайы тіркелді. Оның ішінде 56 жағдай кезекші сынып оқушылары арасында орын алды. 596 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында тіркеліп отыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, оқу жылы басталғаннан бері елордада 76 мектеп карантинге жабылған болатын. Бүгінде коронавирустың оқушылар арасында шығуына байланысты 21 мектеп карантинге жабылған. Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар айының басынан бері елордада коронавирус инфекциясының 3 763 жағдайы тіркелді.

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі