USD
USD
USD

Елордада 64 адам тамақтан уланған

Нұр-Сұлтанда келушілер уланды деген хабарға байланысты тамақтану орындарының бірі тексеріліп жатыр. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Елордада 64 адам тамақтан уланған
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. 9-10 маусым күндері Нұр-Сұлтан қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына тамақтан улану фактілері тіркелгені туралы қалалық медициналық ұйымдардан шұғыл хабарламалар түскен. Барлық науқас қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақтанғанын айтқан.

"Жаппай тамақтан улану фактілерінің тіркелуіне байланысты Байқоңыр аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Байқоңыр ауданының Полиция басқармасына ақпарат жолдады. Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деді ведомство өкілдері.

10 маусымда қылмыстық іс аясында қоғамдық тамақтану нысанында жоспардан тыс тексеру басталған.

"Тексеру барысында мынадай заңбұзушылықтар анықталды:

нысанның мәлімделген қуатына нақты сәйкес келмеуі;
барлық технологиялық процесс ас үйдің бір бөлмесінде жүргізіледі;
цех бойынша бөлу (учаскелерге бөлу) көзделмеген;
бөлшектеу жабдықтарын таңбалау, пайдалану және сақтау талаптары сақталмайды;
дайын азық-түлік өнімдерін және азық-түлік шикізатын сақтау кезінде қажетті қағидат сақталмайды;
қызметкерлерді жұқпалы аурулардың болуына тексеру журналы жоқ.
“Тексеру кезінде зертханалық зерттеу үшін жағындылар, шикізат пен дайын өнімнің үлгілері таңдалды. Кәсіпорынның 15 қызметкері патоген микрофлораны тасымалдауға тексерілді. Нәтиже қаралып жатыр", - деп толықтырды Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, медициналық көмекке 64 науқас жүгініп, оның 52-сі ауруханаға жатқызылды, 12-сі амбулаторлық ем алған. Жоспардан тыс тексерулер мен эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси