USD
USD
USD

Елордада 5 емхана салынады

Биыл Астанада жеке инвестиция есебінен бір ауысымда 500 адам қабылдайтын амбулаториялық кешен мен 250 адамға арналған медициналық орталықтың құрылысы аяқталды, деп хабарлады Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Елордада 5 емхана салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордада алдағы уақытта жеке инвестиция есебінен 5 емхана салу жоспарлануда.

Биыл Бейбарыс Сұлтан көшесінде амбулаториялық кешен мен Қабанбай батыр даңғылында «АлауМедСервис» медициналық орталығының құрылысы аяқталды. Алдағы уақытта «Тельман» тұрғын алабында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын амбулаториялық кешен салынады. Эскиздік жоба келісілді, жұмыс жобасын әзірлеу сатысында тұр. Сондай-ақ «Пригородный» тұрғын алабында бір ауысымда 150 адам қабылдайтын амбулаториялық кешен салынады. «Интернациональный» тұрғын алабында да дәл сондай медициналық нысан салынады,- деп жазылған басқарма берген мәліметте.

Сонымен қатар «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы және «Capital park» тұрғын үй кешені аумағында да амбулаториялық кешендер салынады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар