Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордада 300 түп сакура егілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы президент саябағы аумағында енді Eurasian Resources Group-тің (ERG) аллеясы жапырақ жайып, жайқалады.

Елордада 300 түп сакура егілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл сайынғы «Ұлттық ағаш егу күні» экологиялық науқанын қолдау аясында бүгін «Орнықты даму» жер қорымен бірлесіп, ағаш ету шарасы өтті. Экологиялық шараға ERG-дің астаналық кеңселерінің қызметкерлері мен олардың балалары, қоғамдық ұйым өкілдері мен журналистер, еріктілер қатысты. – Сакура – Жапонияның символына айналған декоративті шие. Әлемде оның 200-ден астам түрі бар. Негізінен жылы жақта жақсы тамыр жаяды. Арасында суыққа төзімді түрлері де бар. Бүгін шиенің нақты сол түрінің көшеттерін ектік,- деді «Орнықты даму» жер қорының жетекшісі Алан Бесен.

«Көктемде сакураның гүлдеуі тіптен ерекше, әрі Қазақстан астанасының климатына әбден бейімделген. Мұны айтып отырғаным, біз әкімдікпен бірлесе отырып, бүгін егілген көшеттердің тамыр жайып, өсуіне жауаптымыз. Жерсініп кетуін бақылап отыратын боламыз», – деді Алан Бесен.

Бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы ERG-дің осымен үшінші аллеясы. Былтыр көктемде компания қызметкерлері Ұлттық кордиология орталығы аумағына кейін күзде «Ататүрік» саябағына бадам ағаштарын еккен болатын.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар