USD
USD
USD

Елордада 16 мыңнан астам камера тұрғындар қауіпсіздігі үшін жұмыс істейді

iKOMEK109 ситуациялық орталығы елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 16 мыңнан астам камераның жұмысын интеграциялап отыр. 

Елордада 16 мыңнан астам камера тұрғындар қауіпсіздігі үшін жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жыл басынан бастап iKOMEK109 қалалық орталығына 661 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Тұрғындарды негізінен денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, абаттандыру және басқа да мәселелер алаңдатады», - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

iKOMEK109 ситуациялық орталығы 16 мыңнан астам интеграцияланған бейнебақылау камерасы арқылы қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысына тәулік бойы мониторинг жүргізіп отыр.

«Бейнебақылау жүйесі арқылы инспекторлар қала көшелерінің қардан тазартылмауы, су басу, қоқыстың дер кезінде жиналмауы сияқты фактілерді тіркеп, полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге құқықтық тәртіпті қадағалайды. Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қарды уақытылы шығаруын бақылау және мониторингілеу арқасында коммуналдық қызметтер қала аумағы мен тұрғын алаптардан қарды уақытылы жинап, шығарып отыр», - дейді iKOMEK109 орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Бейнебақылау камералары арқылы жолдар мен аулаларда су басқан учаскелер анықталған жағдайда, су басқан жерге жедел тәртіппен су айдайтын техника жіберіледі. Осы сияқты келеңсіздікке куә болған астаналықтар iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне қоңырау шалып, мәлімет беруіне болады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер