12 Мамыр 19:47

Елордада жаңа желекжол ашылады

Астана қаласы
Фото: Жеңіс Қасымбектің инстаграм парағы

 Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, қаланы жүйелі деңгейде абаттандыру ары қарай жалғасады.

Алматы, NEGE. Елорданы аралау барысында бірнеше орынға бардым. Биыл 170 қоғамдық кеңістік пен аула аумағын абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс астананың барлық ауданын, оның ішінде елді мекендерді де қамтиды, деді қала басшысы.

Жүргенов көшесінде (Алматы ауданы) жасыл желекжол ашамыз. Бұл көше – шағын ауданның басты көшелерінің бірі. Көше ашылған сәттен бастап 9 жыл ішінде жаяу жүргіншілер тротуарларының төсемдеріне жөндеу жүргізілмеген. Осыған байланысты учаскелердің көпшілігі ескіріп қалған. Сондай-ақ, көгалдандыру жүргізілмеген әрі көше жарығы орнатылмаған. Осыған байланысты Жүргенов көшесіндегі жаяу жүргіншілер кеңістігін ауқымды абаттандыруға кірістік. Оның барысында кедергісіз орта құрылып, бос уақытты тиімді өткізуге арналған орындар ашылады, сол сияқты көгалдандыру, жарықтандыру және т.б. жүргізіледі. Жүргенов көшесін (Айнакөл көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін) абаттандыру жұмысы қазірдің өзінде басталып кетті. Мұнда 6 мыңнан астам ағаш пен 44 мың бұта отырғызу жоспарланып отыр, – деді ол әлеуметтік желідегі жазбасында.

Сонымен қатар, Мыңжылдық аллеясында 70 мың шаршы метр аумақты абаттандыру жүріп жатыр. Жоба үш учаскеден тұрады: 1) Қ.Аманжолов көшесіндегі жолдан Қаздрамтеатрдың басты кіреберісіне дейін; 2) Қаздрамтеатрдың солтүстік жағынан А.Байтұрсынов көшесіне дейін; 3) Қаздрамтеатрдың оңтүстік жағы Ж.Нәжімеденов тұсынан. Мұнда шағын архитектуралық формалар орнатылады, тротуарлар, жолақшалар жабдықталады, сондай-ақ ағаштар отырғызылып, жарықтандыру жүргізілді және т.б.

«Жағалау» тұрғын үй кешенін абаттандыру аясында 18 гектар аумақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. «Жағалауға» қарасты барлық 19 тұрғын үй ауласы абаттандырылады. Сол сияқты, ағаштар отырғызылады, жарықтандыру тіректері орнатылады және т.б. Ботаникалық бақта жүгіруге арналған жолақшалар мен веложолдарды жаңарту, ескірген төсемдерді жаңарту, жарықтандыруды қалпына келтіру, спорт алаңдарын жаңарту және т.б. жұмыс жүріп жатыр», деді әкім.