USD
USD
USD

Елордада пластик терезе орнатамын деп пәтерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Елордалық тұрғынның пәтерінен зергерлік бұйымдар мен ойын приставкасы ұрланды. Полиция күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пластик терезе
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Күдіктінің пластик терезе орнатумен айналысатын кәсіпорында жұмыс істегені анықталды. Жәбірленуші OLX қосымшасы арқылы сол кәсіпорынға жүгінген. Алғашында жұмыскерлер терезенің өлшемін алып, дайын болған кезде жәбірленушіге үйді босатуын сұрап, мүліктерді бір бөлмеге жинастырып қоюын өтінген.

Пәтер иесі еш ойланбастан үйдің кілтін жұмыскерлерге тастап, өзі үйден кетіп қалған. Қылмыскер осы жағдайды пайдаланып, пәтерден ойын приставкасын және 5 алтын жүзікті иемденіп, үйден еш қиындықсыз шығып кеткен.

Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері «Қылмысты тоқтату» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 31 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Келтірілген жалпы шығынның көлемі – 500 мың теңге. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік