USD
USD
USD

Елордада пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

13-15 мамыр күндері елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында IBSA Judo World Championships Astana 2025 пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Бұл – төрт жылда бір өтетін пара дзюдо әлеміндегі ең беделді дода.

Пара дзюдо
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жарыс Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) ұйымдастыруымен өтеді және турнирде 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жаһандық додаға әлемнің 40 елінен келген 350-ден астам үздік спортшы қатысады. Олардың қатарында 15 Паралимпиада чемпионы мен жүлдегерлері бар.

Кейіегі үш жылда Астанада дзюдодан Grand Prix сериясының кезеңдері мен 2023 жылғы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Осындай маңызды жарыстарды өткізу арқылы еліміз пара дзюдодан әлем чемпионатын қабылдауға лайықты екенін көрсетті.

Пара дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын ұлттық құрама көшбасшылары — Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шүкірбеков және басқа да спортшылар қорғайды. Сондай-ақ елорда татамиінде Алана Мартинс Мальдонадо (Бразилия), Южито Широ (Жапония), Флорин Болога (Румыния), Шерзод Намозов (Өзбекстан), Ибрахим Бөлүкбашы (Түркия) және басқа да атақты спортшылар белдеседі.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан құрамасы бұған дейін де ірі халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтқанда:

Токио Паралимпиадасында (2020 жыл):

Ануар Сариев (60 кг) — күміс медаль

Теміржан Даулет (73 кг) — күміс медаль

Зарина Байбатина (70 кг) — күміс медаль

Париж Паралимпиадасында (2024 жыл):

Ақмарал Науатбек (48 кг) — алтын медаль

Ерғали Шәмей (73 кг) — күміс медаль

Даяна Федосова (70 кг) — қола медаль

Зарина Райфова (70 кг) — қола медаль

Жұрқамырза Шүкірбеков (90 кг) — қола медаль жеңіп алған.

Әлем чемпионатының бағдарламасы:

13 мамыр – ашылу салтанаты (басталуы 15:00)

13–15 мамыр – жарыс күндері:

10:00–13:00 – алдын ала кездесулер

15:30–17:00 – финалдық белдесулер

Өтетін орны:

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы

(Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 43)

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен