USD
USD
USD

Елордада краннан секірмек болған ер адам құтқарылды

Елордада полицей 60 метрлік краннан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE.  Астана қаласы ПД Сарыарқа аудандық жанындығы ПБ жедел уәкілі Руслан Байбөриев түнгі сағат 03:10 шамасында «102» арнасына түскен қоңыраудан кейін оқиға орнына дереу жетіп, бірден баспалдақпен жоғары көтеріліп, суицид жасамақ болған жігітпен сөйлесіп, оны сабырға шақырды. 

Сол сәтте оның сеніміне кіріп, қауіпсіз жерге түсірді.

«Мұндай жағдайда сақтық шараларын білу өте маңызды. Мен онымен тілдесіп, сабырға шақыруға тырыстым, оның ойын басқаға бұрып, өзін жалғыз сезінбеуіне көмектестім. Ол мені тыңдай бастаған сәтте қолынан ұстап, құшақтап, қауіпсіз жерге түсірдім», - деді Руслан Байбөриев.

Полицей ер адаммен сөйлесіп жатқан кезде оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келіп жетті. Бірлескен күш-жігердің арқасында оны қауіпсіз жерге түсірді.

Жедел жәрдем қызметкерлері 35 жастағы азаматтың денсаулығын тексеріп, үйіне жеткізді. Ол бұл әрекетін эмоцияның әсерімен жасағанын, салдарын ойламағанын мойындап, өмірін сақтап қалғаны үшін полиция капитанына шын жүректен алғыс айтты.

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Өзбекстандық блогер Бозжырада көлікпен сорға кіргені үшін айыппұл арқалады

Илхомжан Йолчиев

Полицей мен дәрігерге шабуыл жасайтындарға қатаң шара қолдану керек – Тоқаев

полиция есертеді

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Тоқаев