USD
USD
USD

Елордада қытай тілін білетін маман өрт сөндіруге көмектесті

Астанада LRT аумағында шыққан өртті жедел сөндіруге өрт сөндіруші Бейбіт Қыранның қытай тілін жетік меңгеруі көмектесті.

Тжм
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, №23 бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Бейбіт Қыран LRT құрылысында жұмыс істеп жатқан шетелдік азаматтармен байланыс орнатып, ғимарат ішіндегі жағдайды нақтылаған.

Қытай тілін білетін маманның көмегімен өрт сөндірушілер жағдайды жедел бағалап, өрттің таралуына жол бермеді.

Соның арқасында ешкім зардап шекпеді. 

Еске салсақ, 15 ақпанда 112 пультіне Сарайшық ауданы, Нұрмағамбетов көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасында түтін шыққаны туралы хабар келіп түскен.

Аялдама павильонының жертөлесінде түтін шыққаны анықталды. Электр кабельдері мен құрылыс қалдықтары өртенген.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі