USD
USD
USD

Елордада интернет клубтан екі телефон ұрлаған күдікті құрықталды

Елордада тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының нәтижесінде қаланың интернет клубтарының бірінде ұрлық жасаған 39 жастағы азаматты ұстаған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Күдіктінің интернет клубқа клиент ретінде келгені анықталды. Кейін ол әкімшінің ұйықтап отырғанын пайдаланып, оның үстелінен екі Redmi Note телефонын алып, білдіртпей интернет клубтан шығып кеткен. Жәбірленуші шығынды 150 мың теңгеге бағалады.

Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні өз үйінен ұстады.

Күдікті азамат ұрланған заттың біреуін иесіне қайтарып берді, ал екіншісін сатып үлгерген. Ұсталған азамат істеген ісін толық мойындады.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру