USD
USD
USD

Елордада «Гүлдер» ансамблі концерт берді

Астанада «Гүлдер» хореографиялық және музыкалық ансамблінің жеке концерті өтті, деп хабарлады 24.kz.

концерт
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Эстрада әншілері көпшілікке танымал «Мен деп ойла», «Әдемі-ау», «Водовоз», «16 қыз», «Гитара және мен» әндерін шырқады.

Ал, «Гүлдер» ансамблінің балеті көрермен назарына «Бипыл», «Қорқыт», жаңа – «Қытай биі», «Дала әуені», «Көңіл толқыны» сынды би қойылымдарын ұсынды.

Әуезді ән мен әсем би салтанат құрған әсерлі кеште «Жер ана» вокалдық-хореографиялық композициясының тұсауы кесілді. Жаңартылған құрам түрлі байқауларда топ жарып, көрермен қошеметіне бөленіп жүрген талантты өнерпаздардан құралған.

«Репертуарда өте көп шығармалар, репертуарды құрастырған кезде біздің негізгі мақсатымыз – алтын қорға енген билер, әндер соны сақтап қалу. Қазіргі заманауи үнімен көрсету және жаңа туындыларды шығару. Біз өйткені үлкен кісілерге де, орта буынға да, жастарға да қызықты болуымыз керекпіз. Соған тырысып жатырмыз», – дейді «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова.


Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу