USD
USD
USD

Елордада грантқа түсіремін деген уәдемен ірі көлемде ақша алған күдікті ұсталды

Елорда полицейлері грантқа түсу үшін ауыл тұрғындарынан ірі көлемде ақша алып кеткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері азаматтардың ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 21 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қала тұрғыны елордадағы беделді жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсуге уәде берген.

Ол жәбірленушілердің барлығының шетелде білім алып жатқанын пайдаланып, осы салада таныстары бар екенін мәлімдеген. Қаскүнем грантқа аударуға көмектесемін деген желеумен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қылмыстық ниетпен ақша талап етіп, алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 7 миллион теңге.

Жас жігіт жасаған қылмысын мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. 

Қазір оқып жатыр

«11 адам шабуыл жасаған»: Қызылордада қаза тапқан жігіттің туыстары әділ тергеуді талап етті

Полиция

Жаңа iPhone Duo-ның экраны жарылып жатыр: Apple ақауды мойындады

.

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы