USD
USD
USD

Елордада Family park тұрғын үй кешенінің бір бөлігі бұзылады

Астанада салынып жатқан Family park ТК-де заңсыз салынған ғимараттар бұзылып жатыр.

Астана қаласы
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Алматы, NEGE. Мұндай шешімді сот қабылдады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады. 

Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бұрын «Өркен 777» ЖШС құрылыс салушысына қатысты «Family park» нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижелері бойынша бекітілген жобадан ауытқулар анықталды, осыған байланысты заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда тапсырыс беруші бұл талаптарды орындаған жоқ, нәтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды. Қазіргі уақытта арыздың талаптары қанағаттандырылды, – деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушысымен бірлесіп, заңсыз құрылысты бұзу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев