USD
USD
USD

Елордада бір түнде 16 мың текше метрден астам қар тазаланды

Астанадан бір түнде коммуналдық қызметтер 1,2 мыңнан астам жүк көлігіне тиелген қар шығарды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Қар
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Алматы, NEGE.Елорданың коммуналдық қызметтері ауа райының қолайсыздығына, боран мен аязға қарамастан, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

18 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,3 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себілді.

Өткен түнде, яғни, 17 ақпаннан 18-іне қараған түні қаладан 16 мың текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 1,2 мыңнан астам рейс жасалды.

Қыс мезгілінің басынан бері 347 мыңнан астам рейс арқылы елордадан 4,7 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон