USD
USD
USD

Астанада автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Елордада автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Астана қаласында автокөлік салонынан мүлік ұрлаған күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қолға түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

30 жастағы қала тұрғыны таңертең көлігіне оралғанда салонына біреудің заңсыз кіргенін байқап, дереу полицияға жүгінген. Қылмыс түнгі уақытта жасалып, оқиға орнында куәгерлер болмаған. Соған қарамастан, Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-қимыл танытып, күдіктіні қысқа мерзімде анықтады. Ол – 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, Mercedes автокөлігі көпқабатты үйдің ауласында тұрған. Күдікті түнде бірнеше көліктің есігін тексеріп, құлыпталмаған көлікті тауып, ішіне кіріп, салонынан кілт жасауға арналған арнайы құрылғыны жасырын алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен – 300 мың теңге.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат тәркіленіп, іске тіркелді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы