USD
USD
USD

Елордада әскери оқу-жаттығу жиындары басталды

Елордада запастағы жүз әскери міндетті 99255 әскери бөліміне он күндік әскери оқу-жаттығу жиындарына аттанды. Жиын Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің алаңында өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.

армия
Фото: baq.kz

Алматы, NEGE. Біз кезкті 10 күндік армия жиындарын өткіземіз. Осы күндері запастан шақырылған 100 астаналық теориялық және практикалық сабақтар арқылы қорғаныс дайындығын арттыратын болады. Олар Қорғаныс министрлігінің полигондарының бірінде жауынгерлік дайындықтан өтеді, – деді Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Омар Орынбаев.

Жиындарға шақырылған азаматтар осы уақыт аралығында республикалық бюджет қаражаты есебінен орташа айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек қызметінен босатылады.

Ал жұмыссыз азаматтар ел бойынша белгіленген ең төменгі жалақы есебінен төлем алады.

Мен 2003 жылы әскерден босатылдым, 21 жылдан кейін мені оқу-жаттығу жиынына шақырып отыр. Бұл шақыруды қуана қабылдадым осылайша Отан алдындағы борышымды ары қарай жалғастырамын, – деді Астана тұрғыны Қалибек Дүйсембаев.

Елордада әскери міндеттілерді жинау шарасы дәстүрлі түрде әр көктем мен күзде өткізіледі. Әскери жиындар бағдарламасын сәтті меңгергендер кезекті әскери атаққа ұсынылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар