USD
USD
USD

Елордада асыл тұқымды итті ұрлаған сәт бейне жазбаға түсіп қалған

Елордада асыл тұқымды итті ұрлаған сәт бейнетаспаға түсіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның Спаниель тұқымды итін ұрлап кеткені туралы ақпарат берген. Астаналық сақшылар тұрғынының үй жануарымен серуендеп келе жатып, итін кіреберістегі темір торға байлап дүкенге кірген сәтін бейнебақылау камерасынан байқаған. Ит иесі дүкеннен шыққан сәтте итінің орнында жоқ болғанын аңғарған.

Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық қылмысы бойынша іс қозғалған 48 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Бейнежазбада көрсетілгендей қаскүнемнің итті белгісіз бағытқа қалай алып кеткені, кейінірек ақша табуды ұйғарып, оны белгісіз жас жұбайларға сатқаны да белгілі болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі