USD
USD
USD

Елордада Алматы ауданының әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Рустам Тәуекелов Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды.

 Рустам Тәуекелов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ол осыған дейін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарған. Еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған.

Әр жылдары «Балкантау KZ» ЖШС басшысы, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. 2022 жылдың қазан айынан бастап «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы ауданы әкімінің алдына аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет қойылды.

Қазір оқып жатыр

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп