USD
USD
USD

Елорда тұрғындарына мемлекеттік награда берілуі мүмкін

Елорда тұрғындары үшін мемлекеттік награда бекіту мәселесі қаралды.

Елорда тұрғындарына мемлекеттік награда берілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сіздердің назарларыңызға «Құрмет грамотасы» туралы ережені ұсынамын.

«Құрмет грамотасы» наградасы азаматтарды ынталандыруда маңызды. Яғни адам еңбегін қоғамдық танудың көрінісі. Бұл қалалық әкімдік тағайындайтын мемлекеттік награда. Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы атты комиссияның шеңберінде жұмыс істейді. Аталған награда туралы ережеде оның кімге және қандай жағдайда беру керектігі толық жазылған. Яғни белгілі бір азаматқа «Құрмет грамотасын» беру мәселесі арнайы комиссияда қаралып, қала әкімінің келісімінен соң шешім шығады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі аппаратының құқық бөлімі басшысы Жанасыл Шәукентаев қалалық қоғамдық кеңес отырысында.

Өз кезегінде қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Мұхтар Еркетаев марапатталушыға грамотамен бірге төсбелгі тағу идеясын ұсынды.

«Құрмет грамотасымен бірге төсбелгі табыс етуді ұсынамын. Себебі грамота үйде немесе жұмыс орнында тұрады, ал төсбелгіні адам кез-келген жерде тағып жүре алады. Сол арқылы ол кісіні елорданың құрметті азаматы екенін көпшілік тани түседі», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар