USD
USD
USD

Елорда полициясы көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуды ескертті

Елордада өткен тәулік ішінде 75 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Елорда полициясы көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуды ескертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше таңғы сағат 08:00 бастап қана 51 жол-көлік оқиғасы орын алып, қала тұрғындарының бірі жарақат алды. Мәселен, 21 қараша күні сағат 21:20 шамасында «Skoda Rapid» маркалы автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі Қ.Мұхамедханов көшесімен келе жатып, басқа қатарға ауысқан кезде жолай келе жатқан көлікке жол бермеген. Соның салдарынан 22 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-benz 240c» маркалы автокөлігімен соқтығысып, ол аударылып қалған. Жол апаты кезінде зардап шеккендер жоқ.

«Skoda Rapid» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

«Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керектігін ескертеді», - делінген ведомство ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыста» тағы да еңбек дауы: кеншілер басшылыққа қандай талап қойды?

.

Астана мен Алматыда тұрғын үй саудасы баяулаған

Астана

Гонконгта Alatau City Roadshow инвестициялық дөңгелек үстелі өтті

Алатау сити

Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап адвокаттардан бас тартты

.