USD
USD
USD

Елорда полицейлері есірткі саудасының алдын алды

Нұр-Сұлтан полицейлері есірткі саудасымен айналысатын азаматты ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Елорда полицейлері есірткі саудасының алдын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңіс көшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі сатқаны үшін бұрын сотталған 39 жастағы тұрғын ұсталды, оны жеке тінту барысында сөмкесінен гашиші бар 13 полиэтилен пакет табылды. Тұрғылықты жері бойынша пәтерді тінту кезінде полицейлер гашиші бар үш полиэтилен пакеті мен сатуға дайын есірткі салынған 32 оралған полиэтилен пакетті тапты.

«Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі алынды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар қылмыстық тізбектің басқа да сыбайластарын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді полициядағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау», 297-бабы, ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу» және 287-бабы, ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі «Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер