USD
USD
USD

Елорда полицейлері 1 келіден асатын гашиш тәркіледі

Елорданың полиция қызметкері ірі көлемде есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті.

Елорда полицейлері 1 келіден асатын гашиш тәркіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елорданың полиция қызметкерлері келіп түскен ақпаратқа орай жедел іздестіру іс-шарасын өткізіп, Потанин көшесі бойында есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Бұған дейін де сотты болған астананың 37 жастағы тұрғынын тінту барсында салмағы 1 келіден асатын гашиш тәркіленді. Есірткі заты сатуға дайын күйде буып-түйілген. Сонымен қатар ұсталған күдіктіден қолдан жасалған пышақ алынды», - деп атап өтеді департаменттен. Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткіні жеткізу арнасын анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан елорда аумағында заңсыз айналымнан 53 келі түрлі есірткі заты алынды. Оның ішінде 20 келі «гашиш» және 30 келі синтетикалық есірткі бар.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері