USD
USD
USD

Елорда мешіттерінде ұрлық жасаған ұры камераға түсіп қалған

Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген ұры камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Елорда мешіттерінде ұрлық жасаған ұры камераға түсіп қалған
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонын ұрлағанын айтып, шағым түсірген.

"Ер адам смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған. Полицейлер видеобақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алып-сатарларға сатып үлгерген. Полицейлер мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады", - деді полиция өкілі.

Ер адам кінәсін мойындады, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов