USD
USD
USD

Елорда мен Алматы арасында төрт қосымша пойыз жүреді

Бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы төрт қосымша коммерциялық пойыз іске қосылады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Елорда мен Алматы арасында төрт қосымша пойыз жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін елорданың Нұрсұлтан -1 стансасынан № 204/203 пойызы Алматыға сағат 18.55-те жөнелтіледі. Пойыз Алматыға ертең (11 қаңтар) сағат 16.31-де келеді.

Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан-1 стансасынан Алматы-2 стансасына дейін №220/219 пойызы сағат 19.40-та жөнелтіледі. Пойыз Алматыға ертең (11 қаңтар) сағат 18.25-те келеді.

Бүгін Алматыдан елордаға қарай екі коммерциялық пойыз жолға шығады.

«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматы-2 стансасынан 19 сағат 20 минутта жолға шығады.

«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойызы 22 сағат 25 минутта жөнелтіледі. Пойыз елордаға ертең 19 сағат 13 минутта келеді. Дәл осы пойыз Алматыға 11 қаңтарда 23 сағат 43 минутта жөнелтіледі.

Жолаушы тасымалы компаниясының мәлімдеуінше, елімізде пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілген. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат