USD
USD
USD

Елорда күні онлайн режимде өтеді

Астана күнінің барлық іс-шаралары онлайн режимде өтеді. Бұл жайында бүгін қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады. 

Елорда күні онлайн режимде өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін Астана күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді» делінген хабарламада. 

Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, «Домбыра күні» шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады.

«Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады. Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген», – деп хабарлады әкімдік сайты.

Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон