USD
USD
USD

Елорда ғимараттарына мыңнан астам ту ілінді

 Елордада «Менің елім – менің туым!» челленджі аясында қала тұрғындары 1000-нан астам ту ілді, деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда ғимараттарына мыңнан астам ту ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Астана жастары»еріктілеріі мемлекеттік рәмізді дәріптеу бойынша алғашқылардың бірі болып үлкен акцияны бастады. Instagram желісінде олар қазақстандықтарды өздерінің тумен түскен фото/видеоларын жариялауға және #RepublicDay #РеспубликаКүні #kzdayrepublic хэштегімен белгілеуге шақырды.

Еріктілердің айтуынша, патриоттық іс-шара жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарды да қуанышқа бөлейді. Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.

«Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, еріксіз көңіл күйім көтеріледі. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек», – деп бөлісті Астана тұрғыны Тамара Суворина.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында ҚР тулары ілінген.

Жалпы Астана қаласы бойынша мыңнан астам ту ілінді. Акция жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала