USD
USD
USD

Елорда еріктілері көшеде ыстық шай таратып жүр

Қыстың алғашқы айы енді келетін болса да, Астанада қаһарлы мезгіл әлдеқашан басталып кетті. Әлеуметтік желілерде көшеде тоңып тұрған жандарға ыстық сусын ұсынатын бейнероликтер челенджі тарап жататын.

Елорда еріктілері көшеде ыстық шай таратып жүр
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Дәл сол сияқты аяздың қаттылығына қарамастан, елордалық еріктілер де жаурап қалған астаналықтарға тегін ыстық шай беріп жүр. Мұндай акциялар жыл сайын осындай суық ауа райы басталған кезде өткізіледі.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Шапағат» сауда үйінің жанына жиналып, қала көшелерін тазалап жатқан жұмысшыларға, қоғамдық көлікті күтіп тұрған жолаушыларға және көшеде сауда жасап жүрген жолаушыларға шай таратты.

–Мен еріктілерімізге алғыс айтқым келеді. Көшеде қатты аяз бар, олардың істері тәнімізді ғана емес, жанымызды да жылытады. Жастардың бұл ісі мені қатты қуантты, рахмет! – деді елорда тұрғыны Сайран Турбекова.

«Астана Жастары» ЖРО басшысы Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, бұл бірінші рет емес, жыл сайын жасалатын акция.

–Біздің қаламыздағы ең суық күндерде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі акциямыз басталды. Акция барысында еріктілер қаламыздың барлық тұрғындарына негізінен халқы ең көп жерлерде және көшеде жұмыс істейтіндерге аялдамаларда тегін ыстық шай таратады, – деді ол.

Астана әкімдігінің ресми сайтында «жылыту» акциясы қыстың соңына дейін жалғасатыны айтылған.

Сондай-ақ, қаладағы қар тазалау процесі де қарқынды жүргізіліп жатыр. 24,25 қараша күндері Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең. Қаладағы қысқы кезеңнің басталуымен және қатты жауын-шашынның түсуімен коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева