USD
USD
USD

Елорда емханалары науқастарды қарауды тоқтатады 

Елордадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Атап айтқанда, ересектер мен балаларды профилактикалық қабылдау, оның ішінде скринингтер, жоспарлы стоматологиялық, оңалту қызметтері, денсаулық мектебі, медициналық-әлеуметтік қолдау, МӘС құжат рәсімдеу, күндізгі бөлімнің жұмысы, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама беру, тәулік бойғы және күндізгі стационар бар.

Елорда емханалары науқастарды қарауды тоқтатады 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандардың жоспарлы консультациялық көмек көрсетуі онлайн форматқа ауыстырылады. Диспансерлік тіркеуде тұрған азаматтарға қажетті рецепт онлайн беріліп, дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіп беріледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Халықты вакцинациялау екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады. Қала емханалары тек шұғыл және коронавирус белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды. Коронавирустың ауру белгілері жоқ науқастарын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау және байланыстың басқа да арналарын пайдалану арқылы азаматтардың денсаулығын қадағалап отырады және инфекцияның симптомсыз түріне қатысты мәселелер бойынша консультация өткізетін болады. Ауру белгілері байқалған бойда науқастарды ауруханаға жатқызады. 22 маусымда қосымша 200 орындық стационар дайындалды. Қажеттілік туындаған жағдайда басқа да ұйымдар стационар ретінде бейімделетін болады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Жол апаты

Қазақстанда күн күрт суытады

Ауа райы

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

«Ордабасы»

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі

Зейнеткер