Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елорда ауруханаларында 1711 адам жатыр

Биыл маусым айынан бастап елордада ауруханаға пневмониямен түсетіндер саны артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

Елорда ауруханаларында 1711 адам жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «17 маусымдағы жағдай бойынша, елорданың жұқпалы аурулар және уақытша ауруханаларында 1711 адам жатыр. Бұл өз кезегінде жалпы сыйымдылықтың 90 пайызын алып отыр. Олардың ішінде 80 адам реанимация бөлімінде, ал өкпені жасанды желдетуге қосылған науқастар саны 4 есе өсті. Олардың 91 пайызы орташа ауыр дәрежеде, 9 пайызы ауыр және өте ауыр жағдайда», - С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде. Осы орайда ол бұл науқастар шұғыл түрде жансақтау бөліміне түсетінін нақтылады. «Егер жыл басында күніне орта есеппен пневмониямен бес науқас келіп түссе, маусым айынан бастап күн сайын орташа алғанда 500 адамға жуық келеді. Оның ішінде әрбір екіншісі вирус пневмониясымен жатқызылады», -деді басқарма басшысы. Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды. Бұрын қалада бір ғана зертхана болса, қазір қалада күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар. 17 маусымдағы жағдай бойынша шамамен 170 мың тест өткізілді. Қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді.


 

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді