USD
USD
USD

Елорда әуежайындағы автотұрақ бағасы қымбаттайды

Бүгіннен бастап Астана халықаралық әуежайындағы автотұрақ бағасына өзгеріс енеді

Елорда әуежайындағы автотұрақ бағасы қымбаттайды
Фото: NEGE.kz

, деп жазды aikyn.kz.

Алматы, NEGE. «Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2 000 теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3000 теңге тұрады. P1-P3 аймағында екінші және үшінші тәулікте 3 000 теңге, көлікті 3 тәуліктен артық қалдырған жағдайда тәулігіне 4 000 теңге. Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3000 теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4000 теңгеге дейін өседі», - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратта айтылғандай, жүргізушілер көлігін 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін әуежай тұрағына қалдыра алады.

«Нәтижесінде өзге жолаушылар мен шығарып салушыларға тұрақтан бос орын табылмай жатады. Жолаушылардың көлігін тұрақта ұзақ мерзімге қалдыру қыс мезгілінде қардан тазалау жұмыстарына да кедергі келтіреді. Әуежайдың көлік тұрағы транспортты қысқа мерзімге қалдыруға арналған. Көлікті ұзақ мерзімге әуежайдың тегін тұрағына қалдыруға болады», - дейді әуежайдан.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала