USD
USD
USD

Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі шегеріліп жатыр

 Метеожағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында әуе рейстері кешіктіріліп жатыр. 

Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі шегеріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов айтты. «Метеожағдайға байланысты Нұрсұлтан назарбаев әуежайында рейстер шегеріліп жатыр. Ұшып шығуы тиіс 9 рейс, ұшып келетін 12 рейс шегерілді. Қарағанды қаласындағы қосымша аэродромға 2 рейс жөнелтілді. Ұшу-қону жолағына сұйық ертікіш құйылып жатыр. 6 техника жұмыс істеуде», - дейді Әнуар Шалекенов.

Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушыларға ұшақтардың қону және ұшып шығу уақыты туралы ақпараттарды call-орталық пен анықтама бөлімдеріне хабарласып білу керектігін ескертеді. Соңғы келіп түскен мәлімет бойынша шегерілген ұшақтар қайтадан рейске шығуға дайындалып жатыр. «Дәл қазіргі сәтте үйкеліс коэффициенті 0,33. Ең бірінші болып шегерілген рейс ұшуды бастады», - дейді әуежайдың баспасөз хатшысы.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер