USD
USD
USD

Елорда әкімі LRT құрылысы жайлы айтты

Банктердің бірі LRT құрылысын жалғастыру үшін қаржыландыруға қатысады. Бұл туралы елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

Елорда әкімі LRT құрылысы жайлы айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сессия жұмысында LRT құрылысы мәселесі көтерілді. Осы орайда аяқталмаған құрылыс нысандары қала мен әуежайға баратын жолдың көркін бұзып тұрғаны айтылды.

«LRT мәселесі біраздан бері талқыланып келеді. Оның проблемасы қайдан пайда болды? Біріншіден, екінші деңгейлі банк банкротқа ұшыраған кезде сол жерде қаражат бұғатталып қалды. Екіншіден, осы мәселеде заң бұзушылық болды. Үшіншіден, қазір ең негізгі мәселе – ол қаржыландыру. Бұл жобаға қомақты қаражат керек. Осыған дейін біршама жұмыстар атқарылғанын білесіздер, орнатылған инженерлік құрылыстар қаланың сәнін келтірмей тұрғаны рас. Бірақ басталған жұмыс аяқталуы керек», – деді А. Көлгінов.

Оның айтуынша, бір жылдан астам уақыт бойы әкімдік банктермен тиісті талқылаулар жүргізді.

«Бұл жобаны іске асыруға банктер қосылуға қауқарсыз болып тұр. Сондықтан министрлікпен бірге конкурс жарияладық. Қазіргі кезде тиісті банк өзінің келісімін беріп жатыр, оны алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз. Яғни олар келісімшартқа қол қойғанан кейін айтамыз. Жоспар – жобаны аяқтау. Қазір әуежай жақта бір шақырымнан астам балкалар орнатылды», – деді қала әкімі.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев