USD
USD
USD

Алтай Көлгінов апатты деп танылған үйдің тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Дүкенұлы көшесі, 21 (Сарыарқа ауданы) мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алтай Көлгінов апатты деп танылған үйдің тұрғындарымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Қаланың ескі бөлігінде кейбір аудандар едәуір ескірген. Жайлылыққа ерекше көңіл бөлеміз: тұрғын үйлерді жөндеп, тұрғындар үшін үлкен аулалар, саябақтар мен скверлер саламыз, апатты үйлерді бұзамыз.

Бүгін Дүкенұлы көшесі, 21 мекен-жайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездестім. Бес қабатты жатақхана 1966 жылы салынған, шамамен 170 бөлме бар. 600-ге жуық адам тұрады. Тұрғындарда электр, су, кәрізге қатысты мәселелер туындайды. Сонымен бірге ғимарат іші суық, бұл денсаулыққа, әсіресе балалар мен аға буынға теріс әсер етеді. Үйге техникалық тексеру жүргізу кезінде тозу 60% - дан астамды құрайтыны анықталды, ғимарат апатты деп танылды. Ол тізімге қосылды.

Тұрғындармен кездесу барысында тізімге 90 жыл бұрын салынған апатты үйлер де енгізілді. Осы жылдың соңына дейін ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 50-ден асса, 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт