USD
USD
USD

Елорда: Жыл басынан бері 430 мас көлік жүргізуші анықталды

Демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мас күйінде көлік жүргізгені үшін Полиция департаментінің қызметкерлері 9 жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда:  Жыл басынан бері 430 мас көлік жүргізуші анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Ағымдағы жылдың басынан бері көлік құралын мас күйінде жүргізген 430 жүргізуші ұсталды.

2020 жылдың қаңтарынан бастап жазалау шарасы қатаңдатылғанына қарамастан, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұзушылықтардың өсуі байқалады. Өткен жылы осындай кезеңде 418 мас жүргізуші ұсталды.

2022 жылы жүргізушілердің қатысуымен мас күйінде 62 жол-көлік оқиғасы орын алды (2021 – 79).

Ұсталған адамдар әкімшілік соттың шешімімен он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейін әкімшілік қамауға немесе жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 16 жүргізуші жақын шетел азаматтары болып табылады, олар Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған және қазіргі уақытта ҚР шегінен шығару мәселесі шешілуде.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер