USD
USD
USD

Елорда тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған

Елорда тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алтын бұйымдар
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай 22 жастағы бойжеткен бұрынғы енесінің үйінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Ұрының олжасы алқа, жүзік, екі жұп сырға, екі ер жүзігі болған.

Полицияға хабарласқан егде әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні ұлымен ажырасқан соң әкесімен қалған балаларға қонаққа келген. Ол үйге әр барған сайын ломбардқа тапсыратын алтын бұйымдарын алып шығуға мүмкіндік алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының полицейлері ұрлық жасаған келіншекті анықтаған. Ол кінәсін мойындап, заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және оңай қол жететін жерлерде бағалы заттарды қалдырмауды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыз екі адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Құрылысшының қазасы: Алматы әуежайы үн қатты

Алматы әуежайы