USD
USD
USD

Елорда маңында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Елорда маңында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елорда полицейлері қала маңындағы саяжай алаптарының бірінде жасалған, мұқият жоспарланған мал ұрлығын әшкереледі. Тергеу мәліметінше, Ақмола облысының үш тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, қажетті құралдар мен көлікті дайындаған. Түн мезгілінде олар тұрғындардың ауласынан екі бие мен бір сиырды айдап әкетіп, жануарларды жақын маңдағы орманға жеткізген. Ізді жасыру үшін күдіктілер малды сол жерде сойып, етін көлікпен алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жануарлардың терілерін және трассаға апаратын іздерді тапты. Сонымен қатар бейнебақылау камералары күдіктілердің қозғалысын тіркеп, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді.

Тінту кезінде қылмыс жасауға пайдаланылған арқан, жүген және шамдар тәркіленді. Ал делдалдардан бөлшектелген мал еті табылып, айғақ ретінде алынды. Ұрланған ет күдіктілер тарапынан сатылып үлгерген.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында олардың бұған дейін де ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды.

Қазір оқып жатыр

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев