USD
USD
USD

«Елорда құрылыс» компаниясының басшысы 10 жылға сотталды

Сот үкіміне сәйкес «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Р.Кадесовтің мүлкі тәркіленіп, мемлекетке 170 млн теңге шығын өтелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

Сот шешімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Р.А. Кадесов пен азамат О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды. Р.А. Кадесов О.Б. Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», - деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сот үкімімен Р.А. Кадесовті 10 жыл, О.Б. Давлетовты 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Сот Р.А. Кадесовтың мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді», - дейді ол.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі кафеде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі кафе жарылысы

Қазақстандық бортсерік қыз Кувейтте жансақтау бөліміне түсті: экипаж жапон энцефалитін жұқтырған болуы мүмкін

уланған қыз

Mercedes-Benz-тің Германиядағы зауыттары жабылуы мүмкін

Mercedes-Benz

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі

арнайы күштер