USD
USD
USD

Елорда автобустарында қанша адам билетсіз жүретінін көрсететін жүйе орнатылды

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram-дағы парақшасында қоғамдық көліктің жұмысы туралы жазды.

Астана автобус
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жеңіс Қасымбек CTS Орталық диспетчерлік қызметінің кеңсесіне барды.

— CTS Орталық диспетчерлік қызметінің кеңсесіне бардым. Бұл орталық қала бойынша барлық автобусты мониторингілеп, бақылап отырады: қоғамдық көліктің статусын, желіге қаншалықты уақытында келетінін, кептеліс кезінде автобустардың жұмысын реттеу қажет пе, жол қозғалысының қарқындылығын және т. б. көреді, — деп жазды ол.

Әкімнің сөзінше, екі жылда желіге 700-ден астам жаңа автобус шығарылды.

— Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам жаңа автобус шығардық, бұл бізге қоғамдық көлік паркін 45% жаңартуға мүмкіндік берді. Осының және жүйені жаңғырту есебінен жолаушылар ағыны 26%-ға артты. Мәселен, 2023 жылы жолаушылар ағыны күніне орта есеппен 755 мың адамды құраса, 2024 жылы 950 мың адам болды, — деп атап өтті Қасымбек.

Елорда басшысы Bus Lane енгізу есебінен автобустарды күту уақыты қысқарғанын, ал көліктің орташа жылдамдығы 16 км/сағ дейін артқанын айтты.

— «Ақылды бағдаршам» енгізілген учаскелерде көліктің орташа жылдамдығы 30 км/сағ дейін ұлғайды. Сол сияқты бүгін автобустарға түсетін жүктемені бақылау бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Жолаушыларды бақылауды жақсарту үшін жүйе әр автобуста нақты қанша адам билетсіз жүретінін көрсетеді. Бұл көліктік бақылау департаментінің тиімді жұмыс істеуіне және жолақы төлеуден жалтарғандарды анықтауды арттыруға, сол арқылы оларды азайтуға мүмкіндік береді, — деп түсіндірді ол.

Әкімнің сөзінше, CTS базасында көлік басқарудың бірыңғай орталығының тұжырымдамасы таныстырылды.

— Қазір автобустардың статусын нақты уақыт режимінде көріп отырмыз, ал енді бұл жобаны қаланың коммуналдық қызметтеріне де енгізу жоспарланып отыр: желіге қанша тазалау және суару техникасы шықты және т. б. Жоғарыда айтылған барлық жұмысты, оның ішінде жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды биыл да жалғастырамыз, — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция