USD
USD
USD

Елімізге алма әкелуге тыйым салынды

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. 

Алма
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді назарға ала отырып, талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қазақстан аумағына алма әкелуге тыйым салу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы алманың жалпы жиналуы 300 мың тонна деңгейінде болжануда. Жеміс-жидек өндірісінің мұндай көлеміне өткен жылдары бағбандық өсіру үшін көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді.

2024 жылы алма бақтарының толық жеміс беруі және өнімділікті 18%-ға арттыру күтілуде, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама