USD
USD
USD

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

Қар көшкіні мен су тасқыны қаупіне байланысты еліміздің үш облысында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Қазавтожол мәлімдеді.

ТЖМ
Фото: jasqazaq.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысында еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан «Қызылорда — Павлодар» тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы — Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Ұлытау облысында еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ, қар көшкініне байланысты «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай» тас жолының 6-166 шақырымында (Ушановское ауылы-Алтай учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

«Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай» тас жолының 420-450 шақырымында (Берел ауылы-Рахман қайнары) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры