8 Наурыз 15:45
...
Еліміздің бірқатар өңірінде ертеңге дейін жолдар жабылды
Қазақстанның кейбір облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.
Ақтөбе облысында:
- 8 наурыз сағат 11:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ кенті) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған;
- сағат 12:00-де республикалық маңызы бар «Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет БӨП)» автожолының 39-136 шақырымы аралығында (Ш. Қалдаяқов елді мекенінен Әлімбет шекаралық өткізу пунктіне дейін) барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді. Жол 9 наурыз сағат 09:00-де ашылады деп жоспарлануда;
- сағат 13:30-да республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 0-77 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жайсан өткізу пункінен «Эко Ойл» жанармай құю станциясына дейін) барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді. Жолды ертең сағат 09:00-де ашу жоспарланған;
- сағат 13:50-де республикалық маңызы бар «Атырау – РФ шекарасы (ө/п Курмангазы) 11–104 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан – Қандыағаш қаласына дейін) жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған;
- сағат 14:00-де Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығында (Қарабутак кенті – Қостанай облысының шекарасы) жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Жол ертең сағат 09:00-де ашылады деп жоспарланып отыр;
- сондай-ақ сағат 14:00-де Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526 – 702 шақырым аралығында (Маржанбұлақ кенті – Батыс Қазақстан облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Шектеу ертеңге сағат 09:00-ге дейін енгізілді.
Ақмола облысында:
- сағат 12:40-та ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30 – 92 шақырым аралығында (Жібек жолы ауылы – Қарағанды облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолды 8 наурыз сағат 17:00-де ашу жоспарланған;
Батыс Қазақстан облысында:
- 14:00-де республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» 393-526 шақырым аралығындағы бөлігінде (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол 9 наурыз сағат 09:00-де ашылмақ;
- 14:15-те республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» 610-710 шақырым аралығындағы учаскесінде (Құрашасай ауылы – Қобда ауылы) барлық көлік түрлеріне шектеу енгізіледі. Жолды 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Қостанай облысы:
- сағат 14:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-385 шақырым аралығындағы (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка кенті) учаскесінде және «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-108 шақырым аралығында (Тобыл қаласы – Әулиекөл кенті) жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 9 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
- сағат 15:00-де республикалық маңызы бар «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 108-218 шақырым аралығында (Әулиекөл елді мекенінен Октябрьский елді мекеніне дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Жолды 9 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.