USD
USD
USD

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, найзағай, жел және аптап ыстық күтілуде

 22 маусым, жексенбі күні Қазақстан аумағында ауа райы күрт өзгеріп, құбылмалы сипатта болады."Қазгидромет" мамандарының хабарлауынша, көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жаңбыр
Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Кейбір аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Мұндай құбылыстар әсіресе батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жиі тіркеледі.

Сонымен қатар, солтүстік пен оңтүстік облыстарда шаңды дауыл көтеріліп, желдің күшеюі күтіледі.

Құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты бірнеше облыста өрт шығу қаупі жоғары. Бұл қауіп:

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында сақталады.

Ауа температурасы бірқатар өңірде аптап ыстық деңгейіне жетеді:

Қызылорда облысында күн +40°C-қа дейін ысиды;

Жетісу облысында ауа температурасы +36°C-қа жетеді;

Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында +35°C ыстық күтіледі.

 Ірі қалалардағы ауа райы:

Астана қаласы – жаңбырлы, найзағайлы. Ауа температурасы +25...+27°C шамасында.

Алматы қаласы – күн ала бұлтты, +30...+32°C.

Шымкент қаласы – күн ашық, ыстық болады. Ауа температурасы +35...+37°C.

Қазір оқып жатыр

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым